Румыния елдің әуе кеңістігін бұзған дронды анықтап, оған тосқауыл қойды, деп хабарлайды 24kz.

Жергілікті ақпарат құралдары дронның Ресейге тиесілі екенін хабарлады. Оқиға Украина шекарасына жақын Тулча қаласы маңында болған. Жағдайды қадағалау үшін әуеге екі F-16 жойғыш ұшағы жіберілді. Олар дронның ізіне түсіп, 20 минут бойы қуған. Кейін аппарат радардан жоғалып кетеді. Бұған дейін ресейлік 19 дрон Польшаның әуе кеңістігін бұзған еді. Оқиға қыркүйектің 10-ына қараған түні болды. Варшава мұны шабуыл әрекеті деп бағалады. Ал Ресей Қорғаныс министрлігі соққының мақсаты Польша емес, Украина батысындағы нысандар болғанын мәлімдеді.