Бүгін қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде ауыс-түйіс болды.

Тимур Әбілқасымов қаржы нарығын және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Бөкейханұлы Әбілқасымов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.