Ақтөбеде жоғары температура мен желден өршіген өрт ауыздықталды.

Ақтөбе облысында үлкен аумақта даладағы құрғақ шөп өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.

Өрт Әйтеке би ауданының Сұлукөл ауылынан 20 шақырым қашықтықта болған. Құрғақ шөп өртенген аумақ шамамен 550 гектар болды. Өртті сөндіру күшті жел мен жоғары температураға байланысты қиындық туғызды. Алайда ТЖМ бөлімшелерінің үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт толықтай сөндірілді.

"Өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары, "Ауыл құтқарушылары" ерікті өртке қарсы құрылымдары, жергілікті атқарушы орган және орман шаруашылығы қызметкерлері жұмылдырылды. Барлығы 75 адам мен 14 техника қатысты", – делінген хабарламада.

Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Зардап шеккендер жоқ.


Оқи отырыңыз: Қарағанды облысындағы дала өрті сөндірілді. Өрттің аумағы анықталып жатыр