Финляндия мен Польша сулы-батпақты жерлерді қайта қалпына келтірмек, деп хабарлайды 24kz.
Қос мемлекет осы арқылы экологиялық мәселені шешіп қана қоймай, шекара қорғанысын күшейткелі отыр. Бұл – сыртқы жаудан қорғанудың табиғи жолы. Өйткені батпақты жерде адам түгілі әскери техника жүре алмайды. Шымтезек климаттың өзгеруімен күресу үшін де өте пайдалы. Ол көмірқышқыл газын сіңіріп, температураның жоғарылауына жол бермейді. Осыған дейін Еуропа елдері сулы-батпақты жерлерді ауыл шаруашылығына пайдалану үшін құрғатып келген.