Пәкістанда су тасқыны салдарынан 800-ден астам адам опат болды, деп хабарлайды 24kz.
Әсіресе, елдің солтүстік-батысындағы Пенджаб провинциясының Үндістанмен шекаралас аймақтары қатты зиян шекті. Билік өкілдерінің мәліметіне қарағанда, 103 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген. Инфрақұрылымға, егістіктер мен жеміс бақтарына келген шығын көп. Айта кетейік, Пәкістанда муссондық жауын мезгілі маусым айынан басталып, қыркүйектің аяғына дейін жалғасады.