Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2018 жылғы абоненттік ұялы байланыс құрылғысын тіркеу қағидаларына қатысты бұйрыққа түзетулер енгізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құжат жазасын өтеп жатқан азаматтардың ұялы телефонды пайдалануын бақылауға бағытталған.
– Жобаның негізгі ережелері сотталғандардың байланыс құралдарын заңсыз пайдалануына жол бермеу үшін қосымша бақылау шарасын, шектеу мен жауапкершілікті белгілеуге бағытталған, – деп түсіндірілген.
Құжатты әзірлеушілер жаңа норма түрмеде қылмыс жасау тәуекелін төмендетуге, тыйым салынған заттардың таралу арналарына тосқауыл қоюға және қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруы тиіс деген ұйғарымға келіп отыр.
Құжат жобасы 2025 жылғы 11 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауына шығарылды.