Борышкер сотқа алимент төлей алмайтынын айтып , жүгінеді.
Енді қаржылық қиындықтарға тап болған қазақстандықтар алимент төлеуден босатылуы мүмкін, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Яғни, жағдайы күрт нашарлағанын дәлелдесе, төлемді тоқтатуға өтініш бере алады. Қазір жоғарғы cот нормативтік қаулыға өзгеріс енгізген. Соған сәйкес, алиментті өндіруге не төлеуден босатуға қатысты мәселелер туындаса, сотқа талап қоюға болады.
Демек, борышкер сотқа алимент төлей алмайтынын айтып, жүгінеді. Бірақ, нақты себебін көрсетуге тиіс. Ол – отбасындағы уақытша қиындықтар болуы мүмкін. Я созылмалы сырқатына немесе өзге бір себептерге байланысты жұмыссыз қалуы ықтимал. Бастысы, сөзін дәлелдеуі керек. Тек сол кезде ғана сот алимент бойынша берешектен толық не ішінара босатуға құқылы.