Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Алматы тауларында Сингапурден келген турист жарақат алды

“109” құтқарушылары Іле Алатауы Ұлттық паркінде жарақат алған сингапурлық туристі құтқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы қаласының құтқару қызметінің алдын ала мәліметі бойынша, турист әйел бас-ми жарақатын алған және аяқ-қолдары зақымдалған. Оқиға орнына 5 адамнан тұратын құтқарушылар тобы мен бір техника жіберілді.

Сағат 18:30-да олар зардап шеккен адамға келіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны төмен қарай түсіре бастады. Зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізу үшін “Аюсай” визит-орталығынан жоғары орналасқан шлагбаум жанынан жедел медициналық көмек бригадасы шақыртылды.