Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев AZAL әуе компаниясының ұшағына қатысты оқиғаға байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
АЗЕРТАДЖ агенттігінің мәліметінше, бұл туралы ол Шушада өткен III Жаһандық медиафорумда айтты.
— Өкінішке қарай, Ресей тарапынан бұл оқиғаға қатысты ешқандай ресми жауап алған жоқпыз. Оқиға болғанына жеті айдан асты. Біз не болғанын нақты білеміз, дәлелдей аламыз және Ресейдің ресми тұлғалары да бұған толық қанық. Олар да бәрін жақсы біледі. Мәселе – олардың неге көршілес мемлекет ретінде мұндай жағдайда тиісті әрекет етпей отырғанында. Біздің талабымыз орынды – кінәні мойындап, ұшақты атып түсіргендерді жауапқа тарту, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына, сондай-ақ AZAL компаниясына өтемақы төлеу, – деді Ильхам Әлиев.