Астанада қайтыс болған фельдшер Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды", — деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 18 қарашада Астанада жедел жәрдем фельдшері қайтыс болды. Ол тұрғын үйдің қасбеті мен кондиционер құлаған кезде зардап шеккен еді. Бұл жайт 8 қарашада болды.
Марқұм небәрі 23 жаста болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!