Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Қосшы

Қызылордадағы полицейлер қуғыны 15 тәулік қамаумен аяқталды (видео)

Қызылордадағы полицейлер қуғыны 15 тәулік қамаумен аяқталды (видео)

Қызылордада полицийлер мас күйде Range Rover тізгіндеген 33 жастағы жүргізушінің соңынан қууға мәжбүр болды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қызылорда облыстық ПД-ның мәліметінше, тәртіп сақшыларының тоқтау туралы талабына бағынбай, көлікпен қашпақ болған мас күйдегі жүргізуші ұсталған.

Оқиға 13 қазанда таңғы сағат 05:55 шамасында болған. Патрульдік полиция қызметкерлерінің назарына іліккен Range Rover автокөлігін тоқтату кезінде жүргізушінің әрекеті күдік тудырған.

"Тексеру барысында 33 жастағы қала тұрғынының алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды. Жүргізуші полиция бөліміне жеткізіліп, автокөлігі айып тұрағына қойылды", – делінген хабарламада.

Сот қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qyzylorda PD (@kzo_pd)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева