Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Пікір

3,7 млрд теңге залал: ҰҚК сыбайлас жемқорлық істері бойынша мәлімет жариялады

3,7 млрд теңге залал: ҰҚК сыбайлас жемқорлық істері бойынша мәлімет жариялады

2026 жылғы қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі 106 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, сыбайлас жемқорлық деректерінің басым бөлігі парақорлық, жымқыру, алаяқтық, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және асыра пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты.

"Қылмыстық істер бойынша 93 адам күдікті деп танылды. 81 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 78-і сотқа жолданды", – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Тергеуі аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал сомасы 3,7 млрд теңгені құрады.

Бұған дейін Қызылорда облысындағы аудандық соттың төрағасы мен судьясы 9 жылдан бас бостандығынан айырылғаны хабарланған еді. Сол кезде ҰҚК олардың ұсталған сәтінен кадрлар жариялаған болатын.

Дереккөз: Zakon.kz · Айгерим Тарина