Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Қосшы

Каспийдегі трагедия: әлем көшбасшылары қазақ еліне көңіл айтты

Каспийдегі трагедия: әлем көшбасшылары қазақ еліне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу жиыны барысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Aqorda.

Жеделхаттарда шетел көшбасшылары осынау қиын сәтте Қазақстан халқымен бірге екенін жеткізген.

Cонымен қатар қазақстандықтардың ауыр қайғысына ортақтасып, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына көңіл айтады.

Көңіл айту жеделхаттарын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Сербия Президенті Александр Вучич, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті То Лам, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымның жетекшілері жолдады.

Қазақстан президенті халықаралық қоғамдастықтың жұбаныш сөзі мен қолдауына ризашылығын білдірді.

Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай