«Qasqa Jol» YouTube арнасының кезекті қонағы тарихшы Қойшығара Салғарұлы болды. Ғылыми ортада тарих ғылымының тамыршысы аталып кеткен ғұлама, қаламгер әңгімелесу барысында көбі біле бермейтін дерекпен бөлісті, — деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Адамзат баласы түркілерден жаратылған. Жабайы адамдардың алғашқы тілі түркі тілінде, оның ішінде қазақ тілінде шыққан. Бұл тұжырымға былай қарасаң, есі дұрыс емес адамның әңгімесі немесе фантастика сияқты. Өйткені бұндай әңгімені бұған дейін ешкім айтпаған және айқын дерек жоқ. Бірақ оған негіз беретін толып жатқан фактор бар. Барлығын айтпай-ақ қояйын, тек өзімнің кірісіп, зерттеуіме себеп болғанды айтайын. Логикалық қисынға себеп болғаны 20 ғасырдың аяғында адамзат баласының тұқым-тек қорын анықтайтын ДНҚ тәсілі шыққаны. Бар нәрсе із-түссіз кетпейді. Бір із қалуы керек. Егер генетиктардың айтып жүрген тұжырымы дұрыс болса, адамзат жаратылғанда бір тілде сөйледі. Ол тіл қай тіл? Содан кейін Африканың, Оңтүсіктің тарихын зерттеу бастадым. Египеттің ежелгі тарихындағы жер-су атаулары түгел қазақ тілінде жазылған. Осылан соң бұрын назар аудармаған дүниелеріме зер сала бастадым», — деді жазушы.

Этнографтың айтуынша, көп Құдайлардың атауында қазақша мағына бар.

«Гректің көп Құдайлары гректікі емес, олар Египеттің жабайыларының Құдайы деген бар. Бірақ біздің сорымызға қарай оны ешкім айтпайды. Энциклопедиялық сөздік шықты. Сол жерде гректің Құдайларының аты-жөні тектеулі. Бір ғана мысал айтайын. Өлгенде тірілтетін Құдайдың аты - Осорис. Египеттің жабайыларында ол – Өсір. Өсімдіктің Құдайын гректер «Исейда» деп атаса, Египеттің жабайылары «Ісет» деп атайды. Сол сияқты өлгенді тірілтетін әйел Құдай «Деметрия» деген бар. Ол «дем еттір» деген мағынада. Кавказда бір халық бар олар да «Деметр» дейді. Атаудың мағынасымен де, Құдайдың қызметімен де бәрі түрік тілді ұғымды беріп тұр. Осыдан кейін барлығы түрікше сөйлеп тұрғанын көресің», — деп нақты мысалмен тарихшы өз сөзіне дәйек келтірді.