«Оңтүстік Қытай кітап жәрмеңкесі-2025 » аясында Орталық Азия елдері павильонының ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстан тарапынан Мәдениет және ақ­парат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі ко­ми­теті төрағасының орынбасары Рол­­лан Құспан және Қазақ­стан Рес­пуб­ли­касының Гуанчжоу қаласындағы бас консулы Уәлихан Сәрсембеков қатысты.

Жәрмеңке шеңберінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ликасының Қытай Ха­лық­ Республикасындағы елшілігінің, сон­дай-ақ «Beijing Glize Cultural Media Co., Ltd.» компаниясының қолдауы­мен Қазақстанның ұлттық павильоны та­ныс­тырылды.

Павильонда қазақ баспала­рының басы­лымдары, қытай әдеби шығарма­ла­рының қазақ тіліне және отандық ­авторлар шығармаларының қытай тіліне аудармалары, сондай-ақ Қазақ­стан­ның сауда-экономикалық және туристік әлеуеті туралы ақпарат­тық материалдар ұсынылды.

Экспозиция қытайлық көрер­мендердің зор қызығушы­лығын тудырды. Жәрмеңке аясында «Абай жолы» кейіп­керлері және Абай» және «Абай. Өлеңдер мен поэмалар» атты жаңа басылымдардың тұсаукесері өтті.

Бұл еңбектер ұлы ақын мұрасын кең оқырман қауымға насихаттауға бағытталған. Іс-шараға Гуандун провинциясы насихат департаментінің өкілдері қатысты.

Жәрмеңкеге Біріккен Араб Әмір­ліктері, Вьетнам, Гер­мания, Мысыр, Қатар, Қыр­ғызстан, Малайзия, Нидер­ланд, Өзбекстан, Польша, Сингапур, Таиланд, Франция елде­рінің баспалары мен мәдени ұйымдары қатысып жатыр.